18.03.2021, 18:55

Қазақстанда адвокаттар мен заңгерлер партия құрғалы жатыр

фото: ашық дереккөз

Бұл жоспарды ести сала, оны елге танымал заңгер Жангелді Сүлейманов қолдай жөнелді. 

Алматылық адвокат Рена Керимова елдегі адвокаттардың бастамашыл тобы жиналып, "Заң партиясын" құруды жоспарлап отырғанын жариялады, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жоспарды ести сала, оны елге танымал заңгер Жангелді Сүлейманов қолдай жөнелді.

"Бұл партияны "Дұрыс партия" деп атайық. Құқық деген - заң. Заң сақталса, бұл елде тәртіп орнайды. Халық та жөні дұрыс, заңмен жүретін партияға дауыс бергісі келеді. Ел әділдік пен шындық жолымен жүргісі келеді", - деген ұсыныс тастады ол.