12.03.2021, 20:45

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады

фото: ашық дереккөз

Сондай-ақ ол Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыр болған жерді сату мәселесі туралы тағы айтты, деп хабарлады paryz.kz

"Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым", - деп жазды президент twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайтынын жеткізді.