22.02.2021, 16:35

Біртановтың адвокаты Тоқаевтан оны қудалауды тоқтатуды сұрады

фото: profit.kz

Бүгін экс-министрді үйде қамауда ұстау мерзімі ұзартылды...

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов наурыздың соңына дейін үй қамауында қалады. Елорданың ауданаралық тергеу соты осындай шешім шығарды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлап отыр. Заңгер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, Біртановты қудалауды тоқтатуды сұрады.

Еске сала кетсек, былтыр министр қызметінен босатылып, «ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен қамауға алынған болатын.