18.02.2021, 21:21

Тоқаев Путинге қоңырау шалып, "Спутник V" вакцинасы туралы айтып берді

фото: kremlin.ru

Осы орайда, екі ел басшысы коронавирус инфекциясымен күреске ерекше назар аударған.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалды, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары екі тарап үшін маңызды саяси, сауда-экономикалық және өңіраралық әріптестік мәселесін талқылаған. Осы орайда, Путин мен Тоқаев коронавирус инфекциясымен күреске ерекше назар аударған. Қазақстан президенті еліміздегі "Спутник V" вакцинасының өндірісі туралы айтып беріпті.

Бұдан бөлек, тараптар Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуі мен өзара байланысты нығайту туралы сөз етті.