06.12.2023, 15:28

Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Сапар аясында Президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.