15.01.2021, 22:18

Ермек Нарымбай "Алаш" атты партия құруға белсеніп отыр

фото: ok.ru

Сондай-ақ, ол "Алаш" атауы түпкілікті емес екенін, шешім бірауыздан қабылданған пікір негізінде жүзеге асатынын еске салған...

Қазіргі уақытта Украинада тұрып жатқан және Қазақстан экстремистерінің мемлекеттік тізімінде тұрған Ермек Нарымбай "Алаш" партиясын құруға және референдумға бастама жасауға ниетті, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Біз қазір хаттаманың барлық деректерін бағдарламаға енгізіп, аяқтаймыз. Жұмыс түпкілікті сандармен, қорытындылармен және толық қарқынмен жүріп жатыр. Қазір бірден "Алаш" партиясын тіркеуді бастаймыз. Сондай-ақ, Референдум бойынша мәселені де қарастырамыз", - дейді Ермек Нарымбай.

Ол өзінің жақтастарына жолдаған хатында процестер онлайн-съездер мен онлайн-конференциялар арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен. Сондай-ақ, "Алаш" атауы түпкілікті емес екенін, шешім бірауыздан қабылданған пікір негізінде жүзеге асатынын еске салыпты.

"Бұған дейін Украинада тұратын ерлі-зайыптылар Айдос пен Наталья Садықовтар "Жусан" партиясын, сондай-ақ Киевте тұратын тағы бір саяси эмигрант Ержан Тұрғымбай "Еркін қазақ" партиясын құруға ниетті екендерін айтқан" деп жазды ҚазТАГ.

Еске сала кетсек, Ермек Нарымбай – Алматы прокуратурасының талабы бойынша экстремистік деп танылған және ресми түрде тыйым салынған "Арман" қозғалысының көшбасшысы.