14.01.2021, 09:35

Тоқаев жаңа шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын ашты

фото: ашық дереккөз

Бұған дейін Президент алдағы реформалар туралы айтып, Парламентте, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамының алдында үндеу жасайтынын айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлық шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Бұған дейін Президент алдағы реформалар туралы айтып, Парламентте, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамының алдында үндеу жасайтынын айтқан болатын.