02.06.2023, 10:18

Тоқаев Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады

Фото: inform. kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың Telegram каналы. 

Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.