18.12.2020, 19:10

"Мен үшін құны көк тиын": Сенатор неге ашуланды?

Фото: ашық дереккөз

Осы ретте сенатор қазақ тілінде салмақты посттар мен мақалалардың аздығына күйінді. 

Депутаттар арасында әлеуметтік желіні белсенді қолданатын сенатор Мұрат Бақтиярұлы желіде қазақ тілінде салмақты материалдар тым аз деп есептейді, деп хабарлады paryz.kz.

"Саясатта жүрген соң жалпы әлеуметтің көңіл-күйін, болып жатқан қоғамдық құбылыстарға көзқарастарын білу үшін әлеуметтік желілерге кіресің. Алуан түрлі пікір, аспандата мақтаулар мен жер-жебіріне жеткізетін даттаулар, кішкентай алғыс хаттан бастап мемлекеттік наградалар алған суреттерімен өздерін-өздері жарнамалап тұрған адамдар, кішкентай қызметтен үлкен лауазымға тағайындалған адамдарды танысын-танымасын жапатармағай құттықтаулар, әйтеуір мен үшін құны көк тиын, жиіркенішті пенделік дүниелер көп", - деді депутат Facebook-тегі парақшасында.

Осы ретте сенатор қазақ тілінде салмақты посттар мен мақалалардың аздығына күйінді. 

"Салмақты, адамға ой салатын салыстырмалы сараптау материалдар қазақ тіліндегі желілерде тым аз. Керісінше, орыс тілінде жан-жақты сарапталған пікірлер көп жазылады. Неге бұлай? Бәлкім, ерте ме, кеш пе, бұдан да өтерміз", - дейді Мұрат Бақтиярұлы.