Ары қарай емделудің қажеті жоқ, отадан кейін 80 жастағы президент медициналық тексеруден өтіп, «жұмыс істеуге жарамды» деп танылды, делінген Ақ үй мәлімдемесінде.
Ақ үй дәрігері Кевин О`Коннор жазған құжатта анықталған қатерлік ісік түрі, яғни базальді жасушалық карцинома, әдетте метастаз тудырмайтыны нақтыланған. Базальді жасушалық және қабыршақты жасушалы карцинома – Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегі бойынша, АҚШ-та кең тараған тері қатерлі ісігінің негізгі екі түрі.