Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8.26 минут кеткенде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметі жарақат алған үш баланы жеткізді. Жасөспірімдерде түрлі жарақат болған.
«Жарақат алған балалардың біреуіне қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, ол амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді. Қалған екі бала жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Оларға дереу ота жасалды. Қазір екі баланың да жағдайы қалыпша. Балалар жансақтау бөлімінде жатыр», – делінген хабарламада.