09.01.2023, 17:32

Роналду мен Месси бір-біріне қашан қарсы ойнайтыны белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

ПСЖ 17 қаңтарда Катардың астанасы Дохаға барып, 2022 жылғы әлем чемпионатының стадиондарының бірінде жаттығады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі tengtinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан кейін француз алыбы Эр-Риядқа (Сауд Арабиясы) жол тартады, онда 19 қаңтарда жергілікті "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" клубтарының үздік ойыншыларынан құралған командамен жолдастық кездесу өткізеді. ПСЖ ойыннан кейін Парижге оралады.

Айта кетейік, 2022 жылғы желтоқсан аяғында саударабиялық клубқа ауысқан шабуылшы Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапында ойнайды. Шабуылшы Лионель Месси ойнайтын ПСЖ-мен матч португалдық үшін жаңа командадағы дебют болуы мүмкін.