"Мемлекет басшысының Жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды. Мобилизацияға қабылдау пункттері 17 қазанда сағат 14.00-де жабылды. Шақыру қағаздары тұрғылықты жерлерге жіберілді", - делінген мэрдің сайтында.
Сергей Собянин қала тұрғындарына жауапкершілік, борыш сезімі және патриотизм үшін алғысын білдірді. Ол қала басшылығы әскери қызметшілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады деп сендірді.