Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не жіберілді, - делінген облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратта.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған.
Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретінін сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес, Путин үшін дауыс беретіндерін жеткізген.
Сондай-ақ қыздардың бейнежазбада айтқан сөзінше, олардың достары - қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.