07.10.2022, 10:50

«Оңбағансыңдар»: Шораев Ресейден келушілерге қол ұшын созбауға шақырды

Фото: ашық дереккөз

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Арман Шораев Ресейден келушілерге қол ұшын созбауға шақырды. 

"Ей, айналайын біздің билік! Сіздер, міне «біз мынау Ресейдің 300 мың халқын құшақ жайып қарсы аламыз, жағдай жасаймыз, көмектесеміз» деп жатырсыңдар. Айналайын билік! Жалғыз ғана біздің бауыр-қарындасымыз Сайрагүл Сауытбай Қытайдағы концлагерьден қашып келгенде тілдерін байланып қалды ғой! Маңдайы сыймай, біздің елден Скандинавия еліне көшіп кетті. Жалғыз ғана Сайрагүл Сауытбай. Өзіміздің қандасымыз. Дәл сондай басқа 5-6 қандасымыз болды. Біреуіне жандарын ашыған жоқ. Президент түгілі оның қасында жүрген бірде-біреуі әу деген жоқ.  Сондықтан сендер оңбағансыңдар! Басқа елден қаңғып келген 300 мың басқа ұлтқа көмектесіп, өзіміздің қандас Сайрагүлге ешқандай жәрдем жасаған жоқсыңдар. Оңбағансыңдар! Соны біліп жүріңдер!Ұмытпаңдар!", – деді Арман Шораев.