14.09.2022, 15:19

«Анандиді» көрдің бе?..»: белгілі актер Бекболат Тілеуханға породия жасады (ВИДЕО)

Фото: stan.kz

Белгілі актер Қуандық Шәкіржанов Бекболат Тілеуханға породия жасап, елді күлкіге қарық қылды, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі Elorda info сайтына сілтеме жасап.  

Түсірілім алаңында жүрсе керек, актер жанындағы серігінен:

- Сен анау «Анандиді» көрдің бе? – деп сұрайды.

- Жооқ.

- Ооойбу... Мынауың ұят қой сенің... Жарайды, онда сен «Денизді» көрдің бе?

Әріптесі басын шайқайды.

- Құсшыны білесің бе?

- Жоқ, естімеппін…

Ооой, онда... қалай киноға түсем сенімен, – дейді видеода актер. 

Бейнежазбаны тамашалаған оқырмандар актерге риза болып, пікір жаудырды. 

Оқырмандар «Қатты әзіл болды», «Қарғысы тиіп жүрмесін», «Өлтіріп салдың, ағатай», – деп жазып жатыр.