"VK-да Дмитрий Анатольевич жариялаған соңғы жазба теңізшілерді Әскери-теңіз күштері күнімен құттықтауға арналды (Теңіз флоты - еск). Ал кеше оның парақшасын бұзып кіріп, басқа жазба жариялағандарға қатысты мәселені әлеуметтік желінің әкімшілігі шешеді", - деп келтіреді басылым көмекшінің сөзін.
Бұған дейін Желіде Дмитрий Медведевтің ВКонтакте-парақшасындағы жазба скриншоттары пайда болды.
Медведевтің атынан жазылған жазба скриншоттарда, Грузия мен Қазақстанның Ресей империясына қарыздар екені айтылған. Сондай-ақ, мәтінде Қазақстан жасанды мемлекеттік құрылым екені, ал біртұтас Грузия XIX ғасырдың басында Ресей жаулап алғанға дейін мүлдем болмағаны атап өтілді.