"Көбіңізге бұл жайтты түсіну қиын әрі қызық екенін білемін. Шынымды айтсам, қазір өзім де таңқалам, расымен 1 жыл емес, 3 жыл емес, 10 жыл", - деп ағынан жарылған Әбдікәрімова осынша уақыт құр қарап отырмағанын айтады.
Ол төрт баланы дүниеге әкеліп, олардың тәрбиесімен айналысумен қатар, өзін жан-жақты дамытуды ұмытпаған.
"Ең әуелі, әйелдік-келіндік, аналық миссиямды орындадым. Төрт баламды ауыртпай-сырқатпай, денсаулықтарына мән беріп өсірдім. Өзім де дамыдым. Рухани, білім, моральдық-психологиялық жағынан дамыдым. Оның ішінде өзіме көңіл бөлдім. Сыртқы сымбаттылық, фигура, бет күтімі, жалпы денсаулыққа қарау, бәріне толықтай мән бердім.
Ешқайсысын қалдырмадым. Балаларым енді мектеп қабырғасына барған кезде толық өзімді қолға алып, сіздермен өзімнің даму жолыммен бөлісуді жөн көрдім", - деді Әбдікәрімова.