"АҚ «АрселорМиттал Теміртауда» болған соңғы қайғылы оқиғаға байланысты «Aқ жол» партиясының Қарағанды қаласының филиалы қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтады. 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорны «Курылысмет» ЖШС-нің соғу және престеу цехында қайғылы оқиға болды. Ал, 16 маусымда 2-ЖЭО №7 қазандығында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде адам өлімімен аяқталған апат орын алды. Себептері мен мән-жайлары әлі анықталуда. Біз бұл істер бойынша ресми түсініктеме күтудеміз және құзырлы органдар бұл қайғылы жағдайлармен айналысады деген үміттеміз. Біз өз кезегінде, жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық аудитін, сондай-ақ персоналдың аудитін жүргізуге сұраныс жібереміз"- деп мәлімдеген Telegram арнасында "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашев.