Президент үш соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

Сондай-ақ, Төлеуғали Әбдібеков, Александр Несмиянов, Ибраим Сүлейменовтер ерекше марапат – «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Президент үш соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді
Сурет: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

  • 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы

  • 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович

  • 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайым