06.11.2020, 15:32

Алматыда жер сілкінісі болды

Фото: ашық дереккөз

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 565 км жерде Қырғызстан аумағында болды.

Алматы уақыты бойынша 13 сағат 38 мин 44 секундта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады paryz.kz «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 565 км жерде Қырғызстан аумағында болды. Энергетикалық класы 12.5. MPV магнитудасы 5.7. Тереңдігі 30 км. Жер дүмпуі Шымкент қаласында 2-3 балл сезілді.