07.02.2022, 17:30

Иманғали Тасмағамбетовтың әлеуметтік желілерде парақшалары бар ма?

Сурет: Nur.kz

Алматы мен Астананың бұрынғы әкімі, 65 жастағы зейнеткер Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желіде өзі туралы аранданушы ақпарат пен жалған мәліметтердің толып жүргенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде Тасмағамбетовтың атынан ашылған жалған аккаунттар бар көрінеді. 

Instagram-да ашылған алғашқы аккаунтқа 45 мың адам, Facebook-та ашылған екінші аккаунтқа тағы мыңдаған адам жазылған екен.

Алайда экс-әкімнің айтуынша, өзі мүлде әлеуметтік желіде отырған адам емес. Ешқашан әлеуметтік желіде парақша ашып көрмеген.

Сондықтан әлеуметтік желіде Тасмағамбетовтің атынан ашылған парақшалардың бірде-біріне сенбеуге шақырды.

Бұл менің атақ-абыройыма сын келтіреді әрі қазақстан азаматтарына қауіп төндіреді, - деді ол.