29.01.2022, 16:30

Бүгін Президент қаңтар оқиғаларына қатысты эксклюзивті сұхбат береді

Сурет: baq.kz

Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 

Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді, - делінген жазбада.