27.01.2022, 14:31

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс Съезінде қарастырылатын сұрақтар анықталды

Сурет: Nurotan.kz

«Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен партияның кезектен тыс XXI Съезінің келесі күн тәртібі бекітілді: 1. Партия Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы, деп хабарлайды Paryz.kz, Nurotan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді.

«Nur Otan»-ның өңірлік саяси кеңестері отырыстарының қорытындысы бойынша партияның 28 қаңтардағы кезектен тыс XXI Съезіне 399 делегат сайланды.