29.12.2021, 10:26

Бекболат Тілеухан Мәжілістен кетті

фото: ашық дереккөз

Ол Мәжіліске депутат болып төрт рет сайланды.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылғаны айтылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді.

Бекболат Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дниеге келген. Ол Мәжіліске депутат болып төрт рет сайланды. Төменгі палатада әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.