Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Оған сәйкес, қазіргі министр Nur Otan партиясына баруы ықтимал деп хабарлайды Экспресс К сайты.
Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басқа қызметке кетуі ықтимал. Бұл жағдайда осы қызметке қазіргі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тағайындалуы мүмкін, - деп жазады Yedilov Online телеграм каналы.
Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың маусым айынан бері Білім және ғылым министрлігін басқарып келеді. Ал Бауыржан Байбек екінші рет партия төрағасының орынбасарының қызметін атқарып жүр.