11.11.2021, 10:40

"Басты қатырмасын!": Мәжіліс депутаты Лавровты "орнына қойды" (ВИДЕО)

фото: inform.kz

Снежанна Имашева елде ешқандай да ксенофобия жоғын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Российская газета" басылымында жарық көрген мақаласында Қазақстанда орыстілді азаматтарға қатысты ксенофобия қалыптаса бастағанын айтқан болатын деп хабарлайды Paryz.kz

Ал дәл осы мәселеге қатысты "Азаттық радиосының" журналисіне пікір білдірген Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елде ешқандай да ксенофобия жоғын айтты.

Ешқандай да ксенофобия жоқ. Мен өзім белоруспін. Ешқашан, ешқандай ксенофобияны сезінген жоқпын. Басты қатырмасын, - дейді Снежана Имашева.

Сондай-ақ ол мұндай мәселеге назар аудармау қажет екенін айтты.