13.10.2020, 17:48

Мереке Пішембаев Индустрия министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

Фото: kazinform.kz

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.