12.10.2020, 11:28

Тәжікстан өз таңдауын жасады

Фото: asiaplustj.info

Тәжікстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды.

Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон президент сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлады РИА Новости.

Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92 дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39 пайызға жеткен.