Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркістанда мәйкі-дамбалшаң жүрген сәләфит анасына қол көтерді (ВИДЕО)

"Бұл – бергі жағы. Жеті шелпек пісірме деп, қызып тұрған майды төңкеріп жібергендерді де көргем өз көзіммен", - дейді заңгер.

Түркістанда мәйкі-дамбалшаң жүрген сәләфит анасына қол көтерді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасына үйінде мәйкі-дамбалшаң жүрген қауға сақалды ер адамның анасына қол шығарып, балағаттап, артынан оны үйдің қабырғасына тіреп тұрып ұрған видеосын жариялады, деп жазды paryz.kz.

"Түн ұйқысын таяқ жеу үшін бөлген ана. Түркістан қаласында болған мына оқиғаны көріп, жүрегім ауырып отыр. Рухани астанамызда теріс дінге кіріп, анасына, әйеліне қол көтеріп, балаларын ұрып-соғып, қорқытып намаз оқытатын отбасы ойран болғандар қаншама? Менің өзіме нақты соңғы екі жылда шағымданып келгендер саны оншақты. Әйелін тоқпақтап ұрып, одан анасына қол көтеру – бұл енді шектен шығу! Ислам бұндай зұлымдыққа тәрбиелемейді!" - дейді заңгер.

Қазір сол видеодағы сабаз "Тазабек те адасты, ол мойындады, мен де адасқанымды мойындаймын" деп отырған көрінеді.

Тағы оқи отырыңыз: "Абай жолы" сериалында салафиттер қайдан жүр?" - журналист

"Профилактика жұмыстарын жүргізген теологтарға өзінің енді тура жолға түсетінін айтыпты. Қалай ойлайсыздар, түсе ме? Тазабектің уағыздарын ұйып тыңдап, тәлім алған шәкірттердің бейнесін көріңіздер! Адасқан жолыңды табу оңай, жараланған ана жүрегін не істейміз?" - деп мәселені төтесінен қойды Айгүл Орынбек.

Анасына қол көтерген ессіздің түзелуін қайдам, әйтеуір, заңгер одан кейін де сәләфизм ағымында санасы уланғандар туралы тағы бір жазба жариялады.

Тағы оқи отырыңыз: Үлкен кісінің бетіне торт жапсырған жігіт сынның астында қалды (ВИДЕО)

"Адасып, қоғамға, мемлекетке оның ішінде бір отбасыға зиянын тигізіп жүргендер жайлы жазсам, өзіме қарай "Дәлелің бар ма?" деп шабатын едіңдер осындағы біразың! Міне дәлел, көріңіздер! Бұл – бергі жағы. Жеті шелпек пісірме деп, қызып тұрған майды төңкеріп жібергендерді де көргем өз көзіммен. Ал енді балалары сәләфи ағымына кіріп, бүкіл отбасын ойрандаушылар көбейіп бара жатыр қазір! Мен бекерден-бекер дабыл қағып жүргенім жоқ! "Айтқанның аузы жаман, жазғанның өзі жаман" деп жүре бермей, шындыққа тура қарайық. "Өзім білем, мен мұсылманмын, дұрыс жолдамын" деп Сириядан бір-ақ шыққандар бар. Ислам дінінде зорлық жоқ! Әрбір адамның сенімі өз ішінде болу керек. Оны біреулерге тықпалап, ұрып-соғып оқыту – тирандық пен хайуандыққа жатады. Бұлардың бетпердесін ашып көрсету арқылы ғана қоғамды тазалаймыз", - дейді қауға сақалды, шолақ балақты сотанақтарға қарсы күреске шындап бел буған Айгүл Орынбек.