Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Абай жолы" сериалында салафиттер қайдан жүр?" - журналист

"Алайда Мұрат бауырымыз "салафиттер бұрын да болған" деп айтқысы келді ме, әйтеуір, "сақалы бар, мұрты жоқ" адамды көрсетуді ұмытпапты", - дейді ол.

"Абай жолы" сериалында салафиттер қайдан жүр?" - журналист
Видеодан скриншот

"Хабар" агенттігінің Абай туралы түсірген телехикаясы "Қазақстан" ұлттық арнасы түсірген топтамадан анағұрлым жақсы болып шығыпты. "Кеше Мұрат Есжан түсірген "Абай жолын" толық көріп шықтым" деген журналист Серік Жолдасбай facebook-тегі парақшасында бәрібір де көңілінде бір дық қалғанын жеткізді, деп хабарлады paryz.kz

"Шыны керек, "Хабардың" Абайы "Қазақстан" ұлттық арнасы түсірген топтамадан анағұрлым жақсы болып шыққан екен. Қайым Мұхамедхановтан бастап, Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының тағдыр-тауқыметін режиссер әсерлі суреттеген. Мұраттың алғашқы туындысы осындай сәтті болса, демек, одан жақсы режиссер шыққалы тұр", - дейді әріптесіміз.

Бірақ оның өзінде ептеп көңілге қаяу түсіретін бір жайт бар екен.

"Оспан мен Күнтудың болыс сайлауына қатысып отырған сақалы бар, мұрты жоқ адам кім? Бажайлап қарасаңыз, осы күнгі салафиттерден аумайды. Абай заманында салафиттер болды ма? Мойындау керек, "Абай жолы" сериялы - өте сәтті түсірілген туынды. Алайда Мұрат бауырымыз "салафиттер бұрын да болған" деп айтқысы келді ме, әйтеуір, "сақалы бар, мұрты жоқ" адамды көрсетуді ұмытпапты. Тырнақ астынан кір іздеп отырғаным жоқ. Бірақ та мемлекеттік телеарнадан салафизмді насихаттап отырған жоқпыз ба?" - деген сауал тастады пост авторы.