"Мәз болып тұрған кісіні не істеді ал?!", "Әжеге обал. Сосын қатты ұрды ғой, масқара-ай!"...
Instagram желісіндегі atyrauoil.official парақшасына бір жас жігіттің жасы үлкен әйелдің бетіне торт жапсырған видеосы жарияланды. Ол кісі өз анасы болуы да мүмкін, деп жазды paryz.kz.
"Ойын білмеген бала шешесінің артынан түртіп ойнайды" дегендей, TikTok үшін түсірілген бұл оспадар әрекет видеоны көрген оқырмандардың ешқайсысына ұнамаған.
"Қатырдым деп отыр ғой. Сана берсін", "Өзін осы жарық дүниеге әкелген адамға деген құрметі ғой. Слишком низко! Өзінің құрдасы болса екен бір! Нанның да, анасының да обалына қалды-ау", "Мәз болып тұрған кісіні не істеді ал?!", "Әжеге обал. Сосын қатты ұрды ғой, масқара-ай!" деп жазып жатыр олар.
Ал кейбіреуі өз анасы емес, жеңгесі немесе туысқан апасы десті. Кім болса да бұл ыңғайсыздықты бозбаланың бойжеткенге емес, жасы үлкен кісіге жасауының ерсі екені анық.