Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Саяси партиялардың ешқайсысы халыққа берген уәдесін орындамаған" - Санжар Боқаев (ВИДЕО)

Сұхбат барысында кәсіпкер журналистің "халыққа жаны ашымай жүрген, халықтың ақшасын оңды-солды шашып жүрген кім кінәлі сонда?" деген сауалына мүдірмей жауап берді.

"Саяси партиялардың ешқайсысы халыққа берген уәдесін орындамаған" - Санжар Боқаев (ВИДЕО)

Кәсіпкер Санжан Боқаев бюджеттің қаражаты орынсыз жұмсалып жатқанына, "Нұр Отанға" бөлінген шегі мен шеті жоқ қаражатқа, саяси партиялардың жұмысына "Уақыт көрсетеді" Youtube-арнасында кеңінен тоқталды, деп жазады Paryz.kz.

Ол 2021 жылы республикалық бюджеттен "Нұр Отан" партиясына айына 600 млн теңге бөлінетінін айта отырып, ол ақшаны басқа мақсатқа жұмсағанда көптеген мәселе шешілетінін атап өтті. Есепке салсақ, "Нұр Отан" партиясына бөлінген қаражаттың күндігі 18 миллион теңге шығады екен.

"Күніне 18 миллион дегеніміз - ол бір пәтер. Егер сол күнде 18 миллионға үй алып, жағдайы жоққа баспана сыйласа, 365 отбасы үйлі болады екен. 5 жылдың ішінде 2000-ға жуық жанұяны ұмытылмас бақытқа кеңелтуге болатын еді. Сонда ғана олар "Нұр Отанға" өз еріктерімен дауыс беріп, қолдап жүреді. Ол ақшаның қайта кетіп жатқаны түсініксіз, біріншіден. Екіншіден, ол ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны жөнінде ақпарат бермейді. Менің ойымша, ол ақша дұрыс жұмсалып жатқан жоқ", - деді Санжар Боқаев.

Тағы оқи отырыңыз:

"Бір депутатты асырау үшін мемлекет жылына 92 млн теңге жұмсайды" - Санжар Боқаев

Боқаев екпе алдымен депутаттарға жасалса, шығынын өз мойнына алмақ

Саясаттанушы сонымен қатар бюджеттен әр партияға күніне түсіп жатқан қаражатқа жеке-жеке тоқталып, осындай ақшаға шомылып жатқан партиялардың жұмысын мүлде көрмей жатқанына қынжылды. Партиялардың нақты атқарып жатқан жұмысын өз бақылауына алғанын да айта кетті.

"Ақжол" партиясына күніне 3 миллион теңге бөлініп жатыр. Қаншама адамға көмек беруге болады, завод, фабрика ашуға болады. Биыл саяси партияларға 9 млрд 260 млн бөлінді ме, ал Қазақстан сарбаздарына күнделікті ішіп-жеуі үшін 10 млрд теңге бөлінген.(..) Саяси партияларға 9 млрд теңге бөлу дұрыс емес. Саяси партияларлдан сол ақшаны қайтаратын уақыт жетті. Саяси партиялар билікке тәуелді болмауы қажет. Өйткені олар қоғам үшін жұмыс істей алмай жатыр. Саяси партиялардың ешқайсысы халыққа берген уәдесін орындамаған. (...) Саяси партияларды бақылау деген ұят нәрсе. Бірақ мен бақылап отырмын. Саяси партиялар көрсетем сендерге, айдаймын", - деп ашуға булықты Санжан Боқаев.

Сұхбат барысында кәсіпкер журналистің "халыққа жаны ашымай жүрген, халықтың ақшасын оңды-солды шашып жүрген кім кінәлі сонда?" деген сауалына мүдірмей жауап берді.

"Менің ойымша, Президент кінәлі. Проблеманың 98%-ы бірінші басшыға қатысты. Егер министрлікке мықты жұмыс істей алатын адамдарды тағайындайтын болса, туысқандарын емес, бәрі басқаша болатын еді", - деді ол.