Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Боқаев екпе алдымен депутаттарға жасалса, шығынын өз мойнына алмақ

"Олар дәрігерлер, мұғалімдер, сондай-ақ, студенттер вакцинациядан өткенше күте алмайды. Барлық ең жақсы нәрсе халық қалаулылары – депутаттарымызға", - дейді ол.

Боқаев екпе алдымен депутаттарға жасалса, шығынын өз мойнына алмақ
фото: kt.kz

Кеше Үкімет басшысы Асқар Мамин 2021 жылдың ақпанынан бастап коронавирусқа қарсы "Спутник V" екпесін алдымен медицина қызметкерлері, педагогтар және студенттерге егуді бастайтындықтарын мәлімдеді. Соған орай, қоғам белсендісі Санжар Боқаев Facebook-тегі парақшасында билікке ондай тәжірибені депутаттардан бастау керектігін ескертті, деп жазды paryz.kz.

"Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар мен студенттер егіледі. Неге екенін түсінбеймін. Өйткені олар қарсылық білдіре алмай ма? Немесе мемлекет оларды вакцинациялауға ақша бөледі, ал белгілі миллиардерлер содан коммерциялық пайда таба ма?

Міне, мен мынаны ұсынамын. Алдымен ҚР Парламенті депутаттарын вакцинациялайық. Мен жаңа шақырылымдағы Парламент депутаттары үшін Ресейдің 157 "Спутник" вакцинасына ақша төлеуге дайын екенімді жауапкершілікпен мәлімдеймін. Біз елімізге деген қамқорлықты бірінші кезекте депутаттардан бастап жасауымыз керек. Олар дәрігерлер, мұғалімдер, сондай-ақ, студенттер вакцинациядан өткенше күте алмайды. Барлық ең жақсы нәрсе халық қалаулылары – депутаттарымызға.

P.S. кейінірек біздің дәрігерлер, мұғалімдер, студенттер және басқа азаматтар үшін жаман американдық вакцинаны сатып алуға болады", - деді Санжар Боқаев.

Шынымен де президент пен әкім-қараларды қарсы алып, шығарып салуға, сайлау сынды науқандарда жалауша ұстап, қиқулап тұруға, жиналыс залдарын толтыруға "пайдаланылатын" мұғалімдер мен студенттер енді бұларға тәжірибе жасап көретін тышқан сияқты болғаны ма? Жалпы, біздің билік бірдеңе істейтін кезде неге бірден сол бейбақтарды желкелеп жүреді? Қазақтың жаппай сауаттануынан қорықпаса, білімге бүйтіп кедергі келтіре бермес еді-ау...