Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қос азаматтығы барларға жазаны күшейту қажет" - Тоқаев

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік басшылар арасында қос азаматтығы барлар кездессе, оларды жұмыстан шығару туралы айтқанын жеткізді. 

"Қос азаматтығы барларға жазаны күшейту қажет" - Тоқаев
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты, деп хабарлады paryz.kz, BAQ.kz-ке сілтеме жасап.  

"Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған елдер қатарына жатады. Оған сәйкес норма біздің Конституциямызда бар. Соңғы кездері қос азаматтығы бар оқиғаларға жиі тап болып жүрміз. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де бар. Оған жол беруге болмайды. Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан, өте маңызды болып отыр. Мұндай деректерді жою керек", - деді Тоқаев. 

Тағы оқи отырыңызАтырауда қос бірдей азаматтықпен жүрген әйел айыппұл арқалады

Шымкенттік шенеунік азаматтығынан айырылды

Ильин қос азаматтығы болған шенеунікті қолдап отыр

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік басшылар арасында қос азаматтығы барлар кездессе, оларды жұмыстан шығару туралы айтқанын жеткізді.

"Үкімет пен Мемлекеттік істер комитетіне жасалған жұмыс бойынша есеп беруін сұраймын. Осындай бұзушылықтар табылған жағдайда жазаны күшейту қажет", - деді ол.