Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкенттік шенеунік азаматтығынан айырылды

Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтық фактісін анықтаған...  

Шымкенттік шенеунік азаматтығынан айырылды
Фото: ашық дереккөз

Шымкент полициясы қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы барын растады. Бірақ бұған дейін қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған. Алайда қазір шенеунік азаматтығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкент полициясының хабарлауынша, спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов қазақстандық азаматтықтан басқа екінші азаматтық алуға тыйым салынған заңды бұзған.

"Шымкент қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтықта болу фактісін анықтады. Азаматтық туралы Заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісін тіркеді", - деп хабарлады қалалық ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің бастығы Гүлжан Нысанбаева.