Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ильин қос азаматтығы болған шенеунікті қолдап отыр

Ильин елімізде білікті спорт жетекшілері көп емесін айтып, Почиваловқа мүмкіндік беру керек деп жазған.

Ильин қос азаматтығы болған шенеунікті қолдап отыр
фото: politic.kz

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласы Спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловқа қолдау көрсетті, деп хабарлады paryz.kz.

Ол шенеуніктің қос азаматтығына қатысты Instagram парақшасында пікір білдіріпті. Ильин елімізде білікті спорт жетекшілері көп емесін айтып, Почиваловқа мүмкіндік беру керек деп жазған.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік азаматтығынан айырылды

"Мен Олег Почиваловты құрметтеймін. Егер қос азаматтықты елден кету үшін алса, онда ол Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей-ақ, ол елге баяғыда кетіп қалар еді. Елімізде білікті спорт кадрларын сақтауға тырысуымыз қажет. Өйткені ондай адамдар саусақпен санарлық. Егер Ресей Федерациясының азаматтығы болмаса, онда Олег Почиваловқа аймақтағы спортты дамытуға мүмкіндік беру керек", - деп жазды спортшы.