Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығы ұсталды

11 желтоқсан күні полиция қылмыстың үшінші қатысушысын ұстады.

Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығы ұсталды
Фото: дереккөз

Полицейлер Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығын ұстады, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

3 желтоқсан күні сағат 18:33-те Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 4-шағын ауданда банк бөлімшесі қасында инкассатор көлігіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол бойда құқық қорғау органдары күштерінің арнайы іс-қимыл жоспары енгізілді. Қаланың, сондай-ақ, жақын өңірлердің патрульдері мен полиция бекеттеріне тиісті хабарламалар жөнелтілді. Алдын ала дайындықпен жасалған бұл қылмысты ашу үшін Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мен қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан бейнебақылау камераларын мұқият зерттеді. Қылмыскерлер бой жасыруы мүмкін маршруттар жасалды. Жаңаөзен қаласына барлық кіру және шығу жолдары жабылды.

Деректер базасы бойынша қаскүнемдер мінген көлік сипаттамасына сәйкес келетін барлық мәшине анықталып, тексерілді. Оқиғаны көзімен көргендер мен куәгерлерден жауап алынды. Осымен бір мезгілде жедел жұмыстар да жүргізілді.

Түн ортасында іздестіріліп жатқан көлікке ұқсайтын мәшине тоқтаталды, оның жүргізушісі полиция қызметкерлеріне күдік тудырған. Видеоны сол жерден зерттеген олар оқтың тиген жерін анықтап қарағанда, оны бір нәрсемен бітеп, жасырғанын байқады. Сондай-ақ инкассаторлық компанияның жұмыс орнын да анықтап, полиция жүргізушіні қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Алайда ол қандай да бір қарақшылық шабуылға қатысқанын теріске шығарып бақты.

"Ұсталған адамның таныстары мен байланыстарын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізгеннен кейін қылмыстық іздестіру қызметкерлері шабуыл жасаған тағы бір күдіктіні анықтап, ұстады. Тінту кезінде одан үйдің қазандығына көміп тастаған ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды", - делінген ПД хабарламасында.

11 желтоқсан күні полиция қылмыстың үшінші қатысушысын ұстады.

"Тергеу анықтағандай, қылмыскерлер бір ай бойы инкассаторларға шабуыл жасауға мұқият дайындалған. Олар инкассатор көлігінің бағыты мен қозғалыс уақытын есептеп, өзара тиісті міндеттерді бөлісіп, қару таңдаған. Ұрланған ақшаны қаскүнемдер өзара бөлісіп алған болып шықты", - делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассаторларға шабуыл жасап, үш қап ақшаны алып кеткен

Полиция инкассаторларды тонап кеткен қарақшыларды іздеп жатыр

Инкассаторларға шабуыл жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.