Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассаторларға шабуыл жасап, үш қап ақшаны алып кеткен

Қылмыскерлер бұрын индекстелген үш қап пен жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 Ресей рублі бар мультикассетаны иемденді.

Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассаторларға шабуыл жасап, үш қап ақшаны алып кеткен
Фото: ашық дереккөз

Кеше кешке Жаңаөзен қаласында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады paryz.kz

"Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Жаңаөзенде 3 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40-та Көктем шағын ауданында банк бөлімшесін инкассациялау кезінде пышақпен қаруланған төрт қылмыскер инкассатор көлігіне қарақшылық шабуыл жасаған", - делінген Yedilov online телеграм-арнасындағы ақпаратта.

Қылмыскерлер бұрын индекстелген үш қап пен жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 Ресей рублі бар мультикассетаны иемденді. Инкассатор жүргізушісі қашып кеткен ақ Nexia шабуылдаушыларына бес рет оқ жаудырды.

"Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасы "ұстау" жоспарын жариялады", - деп хабарлады телеграм-арна.