Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Полиция инкассаторларды тонап кеткен қарақшыларды іздеп жатыр

Бейнебақылау камерасы инкассатор машинасына жасалған шабуыл сәтін және күдіктілердің ақ түсті автокөлікпен қалай жасырынып жүргенін жазып алған.

Полиция инкассаторларды тонап кеткен қарақшыларды іздеп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Жаңаөзен қаласында белгісіз біреулер банк қызметкерлерін тонап кеткен еді. Оқыс оқиға кеше жергілікті уақытпен сағат кешкі 19:00 шамасында болған, деп жазды paryz.kz.  

Бұл оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазір Жаңаөзен қаласының полицейлері шұғыл іздестіру жұмыстарына кіріскенін айтты.

Тағы оқи отырыңыз: Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассаторларға шабуыл жасап, үш қап ақшаны алып кеткен

"Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының жолдары қатаң бақылауда. Патрульдік полицияның күшейтілген жасақтары қаланы және оның айналасын патрульдеуде. Бейнебақылау камерасы инкассатор машинасына жасалған шабуыл сәтін және күдіктілердің ақ түсті автокөлікпен қалай жасырынып жүргенін жазып алған. Қазіргі уақытта облыстық ПД мен Жаңаөзен қаласының ПБ-ның барлық жеке құрамы шабуыл жасаған күдіктілерді іздеуге және ұстауға жұмылдырылған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Айғаным Рахметова.