Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

200 мың казақстандық елден кетіп қалған

Оның айтуынша, мобильді жастар негізінен шетелге оқуға барып, көп жағдайда сол мекенде қоныстанып, қалып қояды. 

200 мың казақстандық елден кетіп қалған
фото: elements.envato.com

Бес жыл ішінде 200 мыңға жуық адам Қазақстаннан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) басқа елдеріне кетті. Осындай мәлімдемені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская айтты деп  хабарлайды Paryz.kzOrda.kz-ке сілтеме жасап.

Сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 22 мың адамға жеткен. Соңғы бес жылдағы негізгі бағыт бойынша ТМД елдеріне 200 мыңға жуық адам кеткен, – деді Молчановская жұма күні Қазақстанның еңбек нарығы туралы алғашқы ұлттық баяндаманы таныстыру кезінде.

Оқи отырыңыз: Биыл 21 069 адам жат жұрттан "жұмақ" іздеп кеткен

Оның айтуынша, мобильді жастар негізінен шетелге оқуға барып, көп жағдайда сол мекенде қоныстанып, қалып қояды.

Сондай-ақ Қазақстанда ішкі көші-қоны өсуде.

Пандемияға байланысты көші-қон ағындарының қарқыны баяулады. Дегенмен, көші-қон көрсеткіші 2020 жылы 2015 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, – деп атап өтті сарапшы.

Тағы оқи отырыңыз: Өткен 3 тоқсанда елімізден 11,4 мың маман шетел асып кеткен

Молчановскаяның айтуынша, ішкі көшіп-қонушылар көбіне бұрынғысынша республикалық маңызы бар қалалар мен өнеркәсіптік батыс өңірлерді таңдайды.