Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Биыл 21 069 адам жат жұрттан "жұмақ" іздеп кеткен

2019 жылы дәл осы кезеңде Қазақстаннан 34 198 адам көшкен. 

Биыл 21 069 адам жат жұрттан "жұмақ" іздеп кеткен
Фото: ашық дереккөз

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері Қазақстаннан қанша адам кеткенін мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 21 069 адам Қазақстаннан тұрақты тұруға немесе студенттік визамен кеткен. Ал 2019 жылы дәл осы кезеңде 34 198 адам көшкен. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пандемияның алғашқы айында 1936 адам Қазақстаннан кеткен. Жалпы, 2020 жылы көші-қон шыңы тамыз айында болды. Содан кейін елден 3479 адам көшкен. Салыстырмалы түрде алғанда, 2019 жылғы тамызда Қазақстаннан 5529 адам кеткен.

Көбінесе Қазақстаннан Қарағанды облысының тұрғындары кетеді екен.  2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өңірден 3069 адам көшкен. Екінші орында - Шығыс Қазақстан облысы. Ол жерден 3007 адам шетелге қоныс аударды. Қазақстаннан ең аз көшетін адамдар Қызылорда облысында тұрады екен. Қаңтардан қыркүйекке дейін өңірден 39 адам көшкен.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтаннан 1043 адам кетсе, Алматыдан 1917 адам, Шымкенттен 317 адам көшкен.

Сондай-ақ, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысынан 5383 адам, Қарағанды облысынан 4831 адам, Қостанай облысынан 4739 адам сыртқа қоныс аударды.