Саша Барон Коэн "Борат-2" фильмімен екі "Алтын глобусқа" ие болды

Ол "Алтын глобустың" бірін комедия немесе мюзиклдегі ерлердің рөлі үшін алса, екіншісіне "Борат-2" фильмі "Үздік комедия" номинациясы бойынша ұсынылған.

Саша Барон Коэн "Борат-2" фильмімен екі "Алтын глобусқа" ие болды
фото: the-village.kz

Биыл беделді "Алтын глобус" киножүлдесі виртуалды форматта өтуде. Үміткерлер іс-шараға өз үйлерінен онлайн форматта қосылып жатыр. Ал көрермендер залына дәрігерлер мен COVID-19 пандемиясымен күрескен өзге де қызметкерлер шақырылды, деп хабарлады paryz.kz, CNN-ге сілтеме жасап.

Осы сәтте Саша Барон Коэн комедия немесе мюзиклдегі ерлердің рөлі үшін "Алтын глобус" алды. Ал екінші "Алтын глобусты" оның "Борат-2" фильмі "Үздік комедия" номинациясы бойынша иеленді.

"Алтын глобус" жүлдесін табыстау алғаш рет онлайн форматта өтуде және алғаш рет бұл жүлдеде үш бірдей әйел "Үздік режиссер" номинациясын алды.

"Көшпенділер елі", "Манк" және "Әке" картиналары ең көп номинацияға ие болды. Үміткерлер де тікелей эфирге үйлерінен шығып жатыр.

Қазірдің өзінде "Ход королевы" телехикаясындағы Аня-Тейлор Джой, "Коронада" Маргарет Тетчердің рөлін сомдаған Джиллиан Андерсон, "Мавританкадағы" Джоди Фостер, "Аферисткадағы" Розамунд Пайк, "Коронада" Диана ханшайымның рөлін сомдаған Эмма Коррин және "Бухта Шиттадағы" Кэтрин О'Хара бір-бір жүлде иеленді.

Тағы оқи отырыңыз: "Күлкім келеді": "Борат" өзіне қарсы шыққан қазақстандықтарға жауап берді (ВИДЕО)

"Борат" фильмі енді шықпайды..." - Саша Барон Коэн

"Борат" фильмін еске түсіреді": сиырды кранмен көтергенімізді британдық БАҚ әжуалады

Үздік драмалық телехикая атағына "Корона" ие болса, үздік анимациялық фильм номинациясын "Душа" мультфильмі иеленді. Ал Аарон Соркиннің "Чикагодағы жетеудің соты" үздік сценарий жүлдесін алды. Ерлер арасында жүлде иегерлері - ханзада Чарльз рөлін сомдаған Джон О'Коннор, Джейсон Судейкис ("Тед Лассо"), Джон Бойега ("Кішкентай балта"), Дэниэл Калуя ("Иуда мен Қара Мессия") және "Ма Рейни": Блюздің анасы" фильміндегі рөлді сомдаған марқұм Чедвик Боузман "Ең үздік актер" атанды.