Басылым құрылыс нысанында түсірілген оқиғаның суреті мен видеосын қоса жариялады.
Ұлыбританияның Daily mail газеті Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың сиырды кранмен жоғары көтергені туралы жазып, бұл жағдайды "Борат" фильмімен байланыстырған, деп хабарлады paryz.kz.
Ағылшындық басылым құрылыс нысанында түсірілген оқиғаның суреті мен видеосын қоса жариялады.
"Сиырды кранмен көтергені "Борат" фильміндегі көріністі еске түсіреді. Құрылысшы құрбандық шалып, құрылыс үшін жақсы мамандар табуға ниет еткен" деп жазылған басылым ақпаратында.
Еске сала кетсек, 15 ақпан күні Нұр-Сұлтанда құрылысшылар жаңа салынып жатқан тұрғын үйдің жоғарғы қабатына сиырды кранмен көтерген болатын.
Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сиырды ғимарат басына кранмен көтеріп шығарған
Ал құрылыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын ескермей, жануарға қатысты қатыгездік танытқаны үшін кінәлілер Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.