Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұр-Сұлтанда сиырды ғимарат басына кранмен көтеріп шығарған

Елордалық полиция бұл оқиғаға қатыстылар сот алдында жауап беретінін атап өтті.

Нұр-Сұлтанда сиырды ғимарат басына кранмен көтеріп шығарған
фото: видеодан скриншот

Елордада жұмысшылар сиырды жаңадан салынып жатқан ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды, деп хабарлады paryz.kz

Видео Instagram-дағы zhaloby_astana парақшасында жарияланды.

"Не істеп жатыр? Біреу түсіндіре ме мынаны!? Нұр-Сұлтанда сиырды кранмен төбеге көтеріп шығарды" деп жазады автор.

Желі қолданушылары "жұмысшылар осылай төбеге шығарған сиырды жоғарыда сойып алмақшы шығар" деп болжам жасады. Көпшілігі мұны жабайылыққа, жануарды қорлауға теліді. Ал елордалық полиция бұл оқиғаға қатыстылар сот алдында жауап беретінін атап өтті.

"Бұл факт тексеріліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланғаннан кейін оған заңдық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді полициядағылар.