Бұл туралы бүгін әншінің құрбысы, композитор Индира Елубаева өзінің Instagram парақшасына жазды.
Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы бүгін әншінің құрбысы, композитор Индира Елубаева өзінің Instagram парақшасына жазды.
"Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!", - деді Индира Елубаева.
Сонымен, қазір Шымкентте эстрада әншісі Сәйкен Майғазиев - Мәдениет үйінің басшысы, опера әншісі Майра Мұхамедқызы - опера және балет театрының басшысы, енді міне, олардың әріптесі Ақбота Керімбекова - мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.
Тағы оқи отырыңыз: Әйтеновтің командасы әншілерден құралатын түрі бар...
Сондай-ақ бүгін боксшы Мұхтархан Ділдәбеков те Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалып отыр.