Әйтеновтің командасы әншілерден құралатын түрі бар...

Енді жұртты шибөрі аулап шулатқан Төреғали Төреәліні орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасына ма, инспекциясына ма, біреуіне құрығанда бөлім басшысы етіп қойса...

Әйтеновтің командасы әншілерден құралатын түрі бар...
фото: дереккөз

Бүгін әнші Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы болып тағайындалды. Ал оның алдында ғана эстрада әншісі Сәкен Майғазиев сол қалада Мәдениет үйінің басшысы болып орналасқан еді, деп жазды paryz.kz.

Сонымен, қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан таныстырды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенвтің есімі ел аузында жүрген әншілерді өз қаласына басшы етіп қоя бастауының сыры неде екен? Кейінгі кезде әлеуметтік мәселелер бойынша айрандай төгіле берген абыройын солардың аты-жөні арқылы жинап алмақ па?

Олай болса, енді жұртты шибөрі аулап шулатқан Төреғали Төреәліні орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасына ма, инспекциясына ма, біреуіне құрығанда бөлім басшысы етіп қойса, таңғалмаймыз.