Атақтыларды жинай бастаған Шымкентте Мұхтархан да мектеп директоры болды

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада даңқты тұлғаларды қызметке тағайындау үрдісі қалыптасып келе жатқандығын айтты.

Атақтыларды жинай бастаған Шымкентте Мұхтархан да мектеп директоры болды
фото: дереккөз

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz.

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада даңқты тұлғаларды қызметке тағайындау үрдісі қалыптасып келе жатқандығын айтып, Оңғар Салхаұлына арнайы алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

Тағы оқи отырыңыз: Әйтеновтің командасы әншілерден құралатын түрі бар...

Аталған мектепті осы уақытқа дейін басқарып келген спорт шебері Оңғар Үндемесов зейнет демалысына шықты.