Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын. 

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?
фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды. 16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында Екатеринбург аудандарының циклоны әсерінен жаңбыр жауады деп хабарлайды Paryz.kz

Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

16 қыркүйекте батыста түнде 3-11-ден 1-9-қа дейін сынап бағанасы төмендейді. Күндіз 15-23 градустан 10-18 гардусқа дейін, солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. 18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік жүреді. Күндіз 17-25-тен 10-17 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді, солтүстікте түнде 8-13-тен 2-10 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Облыстың орталығы мен шығысында ауа райы 5-15 градус жылы болады, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.