Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Фонограммамен алдайды": Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың өнеріне қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограмманы қолдану барысында әншілерді емес, ұйымдастырушыларды жазалау керек деген пікірде.

"Фонограммамен алдайды": Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың өнеріне қатысты ойын айтты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Qasqa Jol Youtube-арнасына берген сұхбатында фонограмма туралы заңды енгізуге мұрындық болғанын және оны мүлде тоқтату керектігін атап өтті, деп жазады Paryz.kz.

Ол үлкен сахналарда фонограммамен ән айтып жүргендерді құптамайды.

"Фонограммамен ән айтуды түбегейлі тоқтату керек. Үлкен сахналарда ол дұрыс емес. Өнерге тазалық, шынайылық керек. Сонда өнердің келешегі болады. Фонограмма - бір бірімізді алдау ғой. Соған көзімізді жауып отырамыз. Ол адамның әдетіне айналады, фонограммамен алдайды, сосын жалған ақпаратпен алдайды, солай қоғам бір бірін алдаумен жүреді. Фонограмманы тоқтату туралы заң бүкіл қоғамның өзгеруіне септігін тигізері сөзсіз", - деді ол сұхбатында.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограмманы қолдану барысында әншілерді емес, ұйымдастырушыларды жазалау керек деген пікірде. Сонда ғана әншілер фонограммамен шықпайды.

Тағы оқи отырыңыз:

"Мені мақтаудың орнына, бәрі сұрақ астына алады" - Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Қонақ үй, ресторан, базар": Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасының байлығы туралы шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Осы сәтте журналист тарапынан тойда фонограммамен ән салуға қатысты сұрақ туындады. Оған Арыстанбек Мұхамедиұлы:

"Халық ол өзімен өзі ғой. Біздің мақсат үлкен концерттерде тыйым салу", - деп қысқа қайырды.

Сондай-ақ ол эстрада саласымен мақтанатынын және бірнеше әншінің есімдерін атап өтті. Және ол кейбір әншілердің өнеріне қатысты пікір білдірді.

"Қайрат Нұртас өте талантты. Ана видеолар тойда немесе бір жерлерде асығып шыға салғаны болар. Музартқа сөз жоқ. Мәдина Сәдуақасованы президент оркестрін басқарған кезде шақыртып алған едім. Қазіргі жастар керемет талантты. Қазақтың қоржынына жақсы әндер қосылып жатыр. Біз оларға көмектесуіміз керек. Керісінше. тойда көрініп қалған нәрселерді шығарып, артқа тартпай. Елдің алдында мазақ етіп жатқанына өте қарсымын. Біз бір бірімізді құрметтеуіміз керек", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.